Вирус Бейжіңде: 102 адам жұқтырып үлгерген - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Қытай астанасына вирус жетті

Қытайдағы тәжвирус ел астанасы Бейжіңге де жетіп үлгерді. 29 қаңтарда бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау комитетінің басшысы мәлімдеді.  

Бұл туралы Ресейдің ИА REGNUM электрондық баспасы хабарлады.

Бір күннің ішінде вирусты Бейжіңде 11 адам жұқтырып үлгерген. Жалпы Қытай астанасында індетпен ауруханаға түскендер саны 102 адамды құрайды. Ауырғандардың ең кішісі - 2 жастағы бала.

Хайдянь және Чаоян аудандарында індетті жұқтырғандар саны көп. Бесінші көлік айналымы ауданында әзірге вирус жұқтырғандар анықталмаған. 


0 Пікір Кіру