Коронавирус vs iPhone - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Смартфондардың басым бөлігі Қытайда өндіріледі

Бірнеше мың адам жұқтырған жаңа қытайлық коронавирус телефон өндірісіне қауіп төндірді. 

Bloomberg хабарлағандай, бұл Apple гаджеттеріне, атап айтқанда, iPhone смартфондарына қатысты. Карантинді енгізілсе, кәсіпорын қызметкерлеріне жұмысқа шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Іс жүзінде iPhone-дардың барлығы Уханьнан 500 шақырым жердегі екі фабрикада жиналады. Агенттік тіпті мұндай қашықтықтың өзі вирустың таралуынан қорғамайтынын ескертеді. Apple-да әзір бұл мәселе туралы түсініктеме берген жоқ. Карантин туралы да ресми хабарланған жоқ.

0 Пікір Кіру