Вирустан сақтану: Вьетнам қытай жұмысшыларын елден шығаруда - на politic.bugin.kz
Айжан Мүтә - на politic.bugin.kz Айжан Мүтә

Вирустан қорғану жолы

Қытайдағы вирустың таралу қарқыны артқан сайын, көршілес елдер сақтық шараларын күшейтуде. 

Қытаймен шекараласатын Вьетнам өз еліндегі қытай жұмысшыларын елден шығаруға шешім қабылдаған. Дананг аймағындағы мал бордақылау кәсіпорнында қызмет ететін 97 қытай осы аптада Қытайға қайтарылмақ. Оған басты себеп - Қытайдағы вирустың қарқынды таралуы. 

Вьетнамдағы жұмысшыларға Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа Жылды тойлауға алдын-ала Қытайдан базарлықтар келгені белгілі болды. 

"Сол базарлық арқылы вирустың да келу қаупі бар" деген күдікпен жұмысшыларды елден шығаруға шешім қабылданған. 

Бұл туралы "Вьетнам қызыл радиосы" басылымы хабарлады. Әзірге жұмысшылар қанша уақытқа елден кететіні белгісіз. 
0 Пікір Кіру