Президент тапсырмасы: 800-ден астам шара қысқартылды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Дәурен Абаев Президент тапсырмасы жайында

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев биыл өтуі тиісті 800-ден астам шараның болмайтынын айтты. Бұндай шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы бойынша шығарылды.

Дәурен Абаевтың айтуынша, елімізде Абайдың 175 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіздік күніне байланысты әртүрлі шаралар өтеді. Сонымен қатар ол бастапқыда 900 тармақтан тұрған жоспардың қазіргі уақытта 89-90 тармаққа дейін қысқартылғанын айтып өтті. Соның ішінде форумдар мен семинарлар айтарлықтай қысқарған.

Министрдің айтуына қарағанда, ақпанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарланып отыр.

0 Пікір Кіру