Қадыровты келеке еткен 25 адам тұтқындалды - на politic.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на politic.bugin.kz Бота Куанышбекова

Қадыровқа жақпады

Шешенстанда 25 адам Рамзан Қадыровты келеке еткен фотоколлаж жасап таратқаны үшін тұтқынға алынды. 

Олар Қадыровқа православ шіркеуі қызметкерінің киімін кигізіп, фотошоп арқылы сурет жасап, интернет арқылы таратқан. Бұл туралы "Кавказ.Реалии" басылымы хабарлады. 

Күдіктілер 24 қаңтар күні тұтқындалды. Ұсталғандардың ішінде мектеп жасындағы оқушылар да бар. 11 адам Шали қаласында, 4 адам  Герменчук ауылында, ал қалған 9 адам Курчалоевск ауданында ұсталған. 

Ұсталғандардың барлығы Шали ІІМ бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуге алынды. Оларға хаттама толтырылмай жатып соққыға жығылғаны анықталды. 

0 Пікір Кіру