Қытайда биологиялық костюмдер жетпей жатыр - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Хубэй провинциясына айына 3 млн. биоқорғаныс костюмі қажет

Қытай билігіне биологиялық қорғаныс костюмдері жетіспейді, бұл өнімді шетелден сатып алуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Өнеркәсіп және ақпараттандыру Министрінің орынбасары Ван Цзянпин.

Оның айтуынша, Хубэй провинциясына тәулігіне 100 мың костюм қажет, ал ай сайын 3 миллионы керек екен.

- Қытайдың 14 провинциясындағы 40 кәсіпорын ғана ұлттық стандарттарға сай костюмдер шығара алады. Олардың жалпы өндірістік қуаттылығы күніне осындай костюмдердің 30 мыңға жуық данасын шығарады. Өндірістің 40% қалпына келтірілгеннен кейін, біз қажеттіліктің жартысын ғана қанағаттандыра аламыз, - деп ТАСС Цзянпиннің сөзіне сілтеме жасайды.

Оның айтуынша, қытай тарабы өндірісті 100 пайызға дейін арттыру шараларын қабылдайды және ішкі тұтыну үшін экспортталатын өнімдерге түзетулер енгізеді.

- Сонымен қатар, біз халықаралық ынтымақтастыққа үміт артамыз және қазірдің өзінде сұранысты қанағаттандыру үшін шетелден жеткізу шараларын қабылдап жатырмыз, - деді Цзянпин.

ҚХР Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша, жаңа коронавирустың таралу мүмкіндігі артып келеді, ауру күрделі кезеңге өтті.


0 Пікір Кіру