Шымкент әкімі қоғамдық көлікпен қала аралады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Шымкент қаласының әкімі жексенбі күні қоғамдық көлікпен қаланы аралап, автобуста мәжіліс өткізді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар нысандарды автобуспен аралап, басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Шаһар басшысы алдымен «Шымкент сити» қалашығына ат басын бұрып, 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыстың уақтылы әрі сапалы атқарылу керектігіне көңіл бөліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Бұдан соң қала әкімі Қажымұқан атындағы Орталық стадионға барып, спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмысының жобасымен танысты. Таскен шағынауданындағы спорт алаңшасының жоспарын көрді. Онда шаһардағы спорт нысандарының техникалық базасын нығайту жайы қозғалып, ол жергілікті дарынды жастарға үлкен қолдау әрі танылуына жол ашатыны туралы айтылды.

Келесі кезекте шаһар басшысы «Тассай» индустриалды аймағындағы «Азия Трафо» трансформатор зауытын аралап көрді. Сондай-ақ №2 Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының жөндеу жұмысымен, «Этноауыл» құрылысы жобасымен, Фосфоршылар сарайының күрделі жөндеу жұмыстарымен және Бадам өзеніндегі көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Шымкент қаласының әкімі іс-сапар аясында қарамағындағы шенеуніктердің басын қосып, қоғамдық көлікте жиналыс жасады. Қаланы автобуспен  аралау барысында шаһар басшысы жол бойында кездескен проблемаларға қатысты жауаптыларға нақты тапсырма беріп отырды.

Соңында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жауапты басшыларға барлық құрылыс барысы қатаң бақылауында болатынын ескертіп, жұмыстардың сапалы орындалуы мен жоспарлы мерзімде аяқталуын назарында ұстайтынын атап өтті.


0 Пікір Кіру