Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қазақстан өз азаматтарын қайда жүрсе де қолдайтынын айтты

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау бойынша гуманитарлық операциялардың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. 

"6 қаңтарда біздің құқық қорғау органдары мен сыртқы істер мнистрлігі жүргізген гуманитарлық операциялар нәтижесін берді. Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде отыз бала Сириядан эвакуацияланды. Олардың барлығы террористердің бақылауында болған, барлығын кезінде кризис болып жатқан Сирияға алдап алып кеткен. Көбісі соғыс кезінде қайтыс болды", — деді Назарбаев.

Президент елге қайта оралған әйелдер мен балаларға жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті.

"Олар бір ай ішінде бейімделіп, қажетті медициналық көмек алады. Тағдыр тауқыметін тартқан әйелдер мен балалардың қуанышында шек жоқ, көз жасын көрдік. Қолданылған шаралар болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға жағдай жасайды", — деп толықтырды мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, Қазақстан осылайша өз азаматтарын қайда жүрсе де қолдайтынын көрсетті.

"Еліміздің қауіпсіздігін, береке-бірлігін қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеті. Сондықтан қақтығыс аймағында жүрген азаматтарымызды, әсіресе, балаларды қайтару жұмыстарын жалғастыра береміз", — деп түйіндеді ол.     

https://www.facebook.com/AkordaPress/videos/594042764446034/?t=2


0 Пікір Кіру