«Алматыдағы ең қауіпті №13 үй» - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Аймақтың қылмыстық картасы не дейді?

Алматы қаласында жиі қылмыс болатын үй анықталды. Мемлекеттік бас прокуратураның «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасында» Әуезов ауданында орналасқан №13 үй қаладағы ең қауіпті үй ретінде көрсетілген. 

Almaty.tv арнасының хабарлауынша, былтыр мұнда 230-дан астам қылмыс болса, ал биылдың алғашқы аптасында-ақ 24 құқық бұзушылық тіркелген.

Геолокациялық ақпараттық базада көрсетілген дерек бойынша, 2019 жылы Қазақстанда 166 208 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның 111 мыңы ұрлық, 21 мыңы алаяқтық, 5 мыңнан көбі тонау т.б. қылмыстар.

Қылмыстық жағынан ең қауіпті бұл үй саналатын нысан Жұбанов көшесі пен Саин даңғылының қиылысында оналасқан. Көпшілік секем алатын №13 үйде шамамен 300-ге тарта тұрғын тұрады.

0 Пікір Кіру