Қытайдағы қазақ қызының жанайқайы - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

BBC хабарлайды

Қытай жаңа коронавирус ауруына шалдыққандар анықталған бірнеше қалаларға кіріп-шығуды жауып тастады. 

Би-би-сидің орыс қызметі коронавирус алғаш рет табылған Уханьның орыс тілді тұрғындарымен әңгімелесіп, олардың карантинде қалай тұрып жатқанын білуге тырысты. Солардың бірі - Аружан Бегманова.

Қытайдағы қазақстандық студенттердің ұйымы Уханьда 87-ге жуық адам бар деп есептеген. Қазақстаннан келген студенттің бірі Аружан Бегманова өзінің "Инстаграм" парақшасында Қазақстан үкіметіне студенттерді үйге алып кетуін өтінді:

- Барлық маркеттер мен дүңгіршектер жабық, мен үйіме барғым келеді, мені үйімде отбасым күтіп отыр, мен сияқты жүзге жуық адам бар. Үкімет үшін аз ба? Біз Қазақстанға барғымыз келеді, - дейді Аружан. 

Қазақстанға оралуы арқылы қауіп төндіресіңдер деп пікір жазғандарға: 

- Бізге ауру жұққан емес, егер сенбесе, тексерсін, - деп жауап берді Аружан.

0 Пікір Кіру