Зеленский еврейлерге: сұрапыл соғыста мұсылмандар еврейлерді құтқарған болатын - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Израильде арнайы жиынға қатысты

Украина президенті В.Зеленский Израильде Екінші дүниежүзілік соғыста құрбан болған еврейлерді еске алу шарасына қатысты. 

Шара барысында Зеленский Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу өткізді. Кездесу кезінде Зеленский соғыс пен адамгершілік жайында сөз қозғады. 

- Менің соғыс пен еврей қырғыны, яғни Холокостқа қатысты үш оқиғам бар. Соны осы жерде айтып, сіздердің жадыларыңызда сақталуын қалар едім, - деді Зеленский. 

Бірінші оқиға Саида Арифова жайлы. Ол мұсылман әйелі болатын. Қырым татарлары тұратын балабақшада 88 еврей баласын татар деп көрсетіп, аман алып қалған еді.

Екінші оқиға  – Емельян Ковча жайлы. Ол грек-католик шіркеуінің қызметкері еді. Ол 600 еврейді құтқарып қалды. 

- Үшіншісі, атасы соғыста ерлік көрсетіп, нацизмге қарсы күрескен, халқы қиналып, қырғынға ұшыраған, ал уақыт өте келе жаңағы майдангердің немересі президент болған әулеттің оқиғасы жайлы. Сол әулеттен мен шықтым, - деді Украина басшысы. 

Бұл оқиғаларды Израиль басшысы "ерлік пен адамгершіліктің шыңы" деп бағалады. 


0 Пікір Кіру