Қытай Путиннің ұсынысын қолдады - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Бес елдің саммиті

Қытай Ресей президенті Владимир Путиннің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше-елдері көшбасшыларының саммитін өткізу идеясын қолдады. Бұл туралы ТАСС ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньинге сілтеме жасап жазады.

Ол атап өткендей, соңғы уақытта халықаралық мәселелерде тұрақсыздық өсуде, ал БҰҰ сын-қатерлерге ұшырауда. Қытай Ресеймен, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да мүшелерімен байланыс орнатуға және өз әрекеттерін үйлестіруге дайын.

23 қаңтарда өткен Холокостты еске алу Бүкіләлемдік форумында сөйлеген сөзінде Владимир Путин БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері — Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Франция көшбасшыларымен кездесу өткізуді ұсынды. Ресей президенті бұл бес мемлекетті "өркениетті сақтау үшін ерекше жауапты" деп есептейді.

Франция президенті Эммануэль Макрон мен БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак Владимир Путиннің бастамасын қолдады. Ұлыбритания үкіметінің ресми өкілі Лондон Ресей Президентінің ұсынысы туралы қосымша мәліметтер күтетінін мәлімдеді. 

0 Пікір Кіру