Қазақстан Қытайға мұнай экспорттауды тоқтатты - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Мұнай экспорты тоқтатылды

16 қаңтар күні "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мұнайды қабылдау сәтінде "Қазтрансойл" АҚ-ның магистральдық мұнай құбырынан мұнай сапасын тексеру барысында хлорорганикалық қосындылардың көп мөлшерде екені анықталып, оның 204 градус Цельсийда жанатыны белгілі болды. 

Сол күні-ақ мұнай қабылдау дереу тоқтатылып, мұнай сапасын жақсартқанша доғару шешімі қабылданды. Осы себеппен Қазақстанның Қытайға мұнай экспорттауы тоқтатылды. Мұнайды қайта жіберу мұнай сапасын жақсартқаннан кейін іске асатын болады. Бірақ нақты қашан екені белгісіз.

Қазақстанның мұнайын сатып алушылардың бірі Қытай елі болып табылады. Жыл сайынғы мұнай көлемін арттыруға мүдделі Бейжің, ішкі ресурстық қажеттіліктерінде Орталық Азия елдерінен шикізат алуды арттыруды жоспарлап отыр.

0 Пікір Кіру