Парақордың ақыры: қаржы жымқырған мұнай компаниясының басшысы өлім жазасына кесілді - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Вьетнамдағы сот жүйесі

Вьетнамдағы Ханойдың халықтық соты PetroVietnam мемлекеттік мұнай және газ компаниясының басшысы Нгуен Суан Шонды 2017 жылы аса қомақты көлемде қаржы жымқырғаны үшін өлім жазасына кескен болатын. 

Оны пара алу, өз өкілеттігін асыра пайдалану мен Ocean Bank жүйесінен қаржы ұрлау фактілері бойынша айыпты деп тапты. Аталмыш қылмыстық іс бойынша 51 адам сотталып, компания басшысы ең ауыр жазаға кесілген еді.

Онымен бірге Ocean Group компаниясының негізін қалаушы Ха Ван Тхам өмір бойға бас бостандығынан айырылды. Екі басшының кесірінен мұнай компаниясы 69 миллион доллар шығынға ұшыраған.

2017 жылы шыққан үкімді 2020 жылдың қаңтар айында іске асыру жоспарланған болатын. Алайда сот өлім жазасын орындауды тағы екі айға шегерді.


0 Пікір Кіру