Беларусь президенті: Ресей Қазақстаннан мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отыр - на politic.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на politic.bugin.kz Бота Куанышбекова

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Қазақстаннан мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отырғанын мәлімдеді

Бұл туралы «Взгляд» басылымы жазды.

- Егер Ресей келісім берсе, Қазақстан бізге мұнай жеткізетін еді. Серіктесіміздің ортақ серіктесімізден мұнай алуымызға рұқсат бермеуі қызық жағдай. Біз бұл мәселені шешуіміз керек, - деді Владимир Лукашенко.

Беларусь басшысы әзірге Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа балама бағыттар жоқ екенін ашық айтты.

- Дегенмен, келісілгендей, біз әртараптандыруға мүдделіміз. Ресей Федерациясынан 30-40% ғана шикізат алатындай болуымыз керек. Қалған 30%-ы Балтық елдерінен және тағы 30%-ды Украинадан келеді. Ол  үйреншікті бағыт, -деді ол.


0 Пікір Кіру