Моңғолия Қазақстанның үлгісінде «2050 стратегиясын» жасады: халықтың табысын 15 мың доллар етпек - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Моңғолия жаңаша дамымақ

Моңғолия "2050 стратегиясына" жасақтады. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 

Бағдарламаны олар "Қазақстан-2050" мен "Ирландия-2040" жобасына қарап жасапты-мыс. Бағдарлама 9 бағыттан тұрады: 

1. Ұлттың негізгі құндылықтары - ұлт ретінде терең құндылықтарды терең ұғынып, сезіне білу. 

2. Адами капитал - Әлемдік бақыт индексі бойынша Моңғолия халқының үздік он ел қатарына қосу мен адами даму индексін көтеру. 

3. Өмір сапасы мен орта тап - халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, 2050 жылға дейін орта тап өкілдерін арттыру. 

4. Экономика - дамыған елдердің қатарына қосылу, адам санына шаққанда табысты 15 мың АҚШ доллары ету. 

5. Тиімді басқару - жемқорлыққа қарсы, адам құқықтары мен бостандығын сақтайтын басқару жүйесін жетілдіру. 

6. Жасыл өсім - экологияны жақсарту мен халықты табиғатты аялауға үйрету. 

7. Аймақтық даму - елдің түрлі аймақтарын дамыту, олардың өсу қарқынын арттыру.

8. Бейбіт қауіпсіз қоғам - ішкі және сыртқы ортада халыққа қауіпсіз қоғам құра білу.

9. Ұлан-батыр қаласы мен серіктес қалалар - жаңа серіктес қалаларды салу және дамыту, Ұлан-батырды көркейту. 


0 Пікір Кіру