Қытай қысымынан қашып келген екі қазақ жігітіне сот үкімі шықты - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Сүйінші

Бүгін, 21 қаңтар Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісін қарап, үкім оқыды.

Судья Оспанова «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған этникалық екі қазақты елде қалдырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Күндіз сот отырысында өткен жарыссөзде прокурор Ержан Әзімбаев атажұртына пана іздеп келген екі жігітті бір жылға түрмеге қамап, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлетуді сұраған. Сондай-ақ «жеңілдетілген жағдайды ескеріп» оларды Қытайға қайтармауды сұраған.

Ал қоғаушылар олардың Қытайдың азшылық ұлттарға жасап отырған қысымынан сескеніп «шекарадан заңсыз өтуге» мәжбүр болғанын, оларды толық ақтауын сұрады.

Сотқа елдің әр аймағынан көптеген белсенділер жиналды. Дегенмен сот залы шағын болғандықтан, көбі сыртта және дәлізде күтіп түрды. Қолдаушылар «Бостандық» деп ұрандасып жатқан кезде, Шымкент қаласында бір топ азаматтық белсенділер де екі қазақ жігітінің босатылуын талап етіп шықты.

0 Пікір Кіру