Өзбекстанның үкіметі парламент сайлауынан кейін отставкаға кетті - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Премьер-министр кандидаты қаралуда

Өзбекстан парламентінің заң шығарушы палатасының баспасөз қызметі ел үкіметі толық құрамда жаңа Олий Мажлис (парламент) алдында өз өкілдігін тоқтатып, отставкаға кететінін мәлімдеді.

Парламенттің төменгі заң шығару палатасының бірінші отырысының қорытындысы бойынша, Өзбекстан үкіметінің өз өкілдігін тоқтатыны туралы өтінімі қабылданды. Мұндай өтініш Сенатқа да түскен еді, ол қанағаттандырылды. 

- Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес, Өзбекстанның министрлер кабинеті жаңа сайланған Олий Мажлиске өкілдігін тоқтатыны туралы өтініш білдірді. Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисінің заң шығарушы палатасы сәйкес қаулыны қабылдады, – деп атап өтті парламенттің баспасөз қызметі.

Конституцияға сәйкес, үкімет министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар парламент 21 қаңтарда өтетін екі палатаның бірлескен отырысында жаңа премьердің кандидатурасын қарайды, деп хабарлады заң шығару палатасының баспасөз қызметі. Еске салайық, Өзбекстан конституциясына сәйкес, премьердің кандидатурасын парламенттің заң шығарушы (төменгі) палатасында ең көп депутаттық орын жинаған партия ұсынады. 2019 жылдың 22 желтоқсанында болған сайлау қорытындысы бойынша Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы ең көп орынға ие – 53 депутат.

0 Пікір Кіру