Украиналық ұшақ: Иран өтемақы төлеуге тиіс  - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Иран өтемақы төлеуге тиіс

Азаматтар апаттан қаза тапқан бес ел кінәлілердің жазаға тартылатынынан үміт білдірді.

«Иран ұшақты атып түсіргенін толықтай мойындап, қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеуі тиіс», – дейді Ауғанстан, Британия, Канада, Украина және Швеция елдерінің өкілдері Лондонда өткен жиында.

Осы елдердің азаматтары Иранның абайсызда украиналық ұшаққа жасаған шабуылынан қаза тапқан болатын.

Британия қаласында өткен кездесуде өкілдер арнайы топ құрды. Енді бұл топ марқұмдардың отбасыларына тергеу барысы туралы ақпаратты жеткізіп, көмек көрсететін болады.

«Біз апаттан ажал құшқан украиналықтар, ауғанстандықтар, британиялықтар, канадалықтар мен шведтерге қатысты деректердің нақты болғанын, тергеудің тиісті деңгейде жүргізілуін қадағалаймыз. Бұл жағдайда тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізілу керек», – деді Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филип Шампань.

Тараптар бұған дейін Иранның өз кінәсін мойындағанын жақсы белгіге балап, өтемақының халықаралық заңға сәйкес уақытылы жүргізілетінінен және кінәлілердің жазаға тартылатынынан үміт білдірді.

inbusiness.kz


0 Пікір Кіру