Гонконг 2047 жылдан кейін де Қытайдың қоластында қалуы мүмкін - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Гонконг Қытайдан тәуелсіз бола ала ма?

"Бір ел, екі жүйе" саяси концепциясы 2047 жылдан кейін, яғни Гонконгқа Қытайдан автономия кепілдік берілген 50 жылдық өтпелі кезең өткеннен кейін де күшінде қалуы мүмкін. Мұны Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Лэм айтып отыр. 

- Біз "бір ел, екі жүйе" қағидатын іске асыруды талап ететін болсақ, оны тұрақты және толық көлемде қолдануымыз қажет... Онда менің ойымша, бұл қағидатты 2047 жылдан кейін де жалғастыруға негіз болады, - деп мәлімдеді Лэм Гонконгтың заңнамалық жиналысы алдында сөйлеген сөзінде.

Лэмның "Бір ел, екі жүйе" туралы сөздері Гонконгтың бірегей жүйесі Қытайдың аумаққа деген егемендігін құрметтеуге шақырған Қытай Компартиясы көшбасшыларының ұстанымымен сәйкес. Пекин оппозициялық күштерді басқа мемлекеттердің қолдауымен Гонконгты Қытайдан бөлу ниетінде деп айыптап отыр.

0 Пікір Кіру