Бес ел «Боингке» қатысты Иранға талап қойды - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Украина, Канада, Швеция, Ұлыбритания және Ауғанстан

Украина, Канада, Швеция, Ұлыбритания және Ауғанстан Тегеран маңында орын алған украиндық "Боинг" ұшағының әуе апатына байланысты Иранға бірнеше талап қойды. 

Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) сайтында хабарланады. Бес елдің өкілдері Лондонда кездесу өткізіп, ұшақтың апатқа ұшырауы тақырыбы бойынша Иранмен жұмыс жасаудың шарттарын нақтылады.

Осылайша, олар апат құрбандарына көмек көрсетуді үйлестіру жөніндегі халықаралық топ мүшелеріне толық қолдау көрсетуді, мәйіттерді тексеру процесін ұйымдастыруды, мұқият және ашық тергеу жүргізуді, әуе апатына толық жауапкершілікті мойындауды және қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің туыстарына өтемақы төлеуді, сондай-ақ болған оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті.


0 Пікір Кіру