Путин Назарбаевтың жолын таңдады - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Сарапшы пікірі

Ресей президенті Владимир Путиннің Федералдық жиналысқа жолдауы мен көрші мемлекет Үкіметінің отставкаға кетуінен кейін, сарапшылар осы өзгерістердің нені білдіретінін айтты. 

Би-би-сидің орыс қызметі 2024 жылдағы басқару мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей президенті Владимир Путиннің жағдайы қандай болатыны жайлы саясаттанушылардың негізгі болжамдарын жинады.

Саясаткер Екатерина Шульманның пікірінше, Путинге үш сценарийдің бірін - "қытайлық", "белоруссиялық" және "қазақ" таңдауға тура келді. Бірінші жағдайда Дума екі президенттік мерзім деген шектеудің күшін жоя алады, екінші жағдайда Беларуссиямен ықпалдасуы және жаңа мемлекеттің Президенті ретінде сайлануы мүмкін, ал үшінші жол бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев секілді "ұлт әкесіне" (қазақстандық нұсқада - "елбасы") айналуы мүмкін. 

- Нәтижесінде билік үшінші сценарийге тоқтады, - дейді сарапшылар.

Саясаттанушы Екатерина Шульман "Настоящее Время" басылымына берген сұхбатында":

- Тұтастай алғанда, бұл саясаттанушылардың тілінде "транзиттің қазақстандық сценарийі" деп аталады: ұжымдық органдар арасында Президенттік өкілеттілікті бөлу және бұрынғы президент үшін қандай да бір құрметті титулды сақтау мүмкіндігі. Біздің жағдайда, бұл - Мемлекеттік Кеңестің төрағасы, яғни бұл Қазақстанда өзін жақсы көрсеткен схемаға ұқсас жағдай", - деп түсіндірді. 

0 Пікір Кіру