Оспан әскерінің Әлихан Бөкейханның басын жоқтауы - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның басын әкеліп беріңдер

Шетелдік тарихшы Годфрей Лайас “Оспан батыр егер мұнан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келгенде, аталары Мөде, Шыңғыс, Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді”, - деп, батырға баға берген еді. Бұл ғана емес, қызығы сол соғыс жылдары-ақ шетелдің журналистері келіп, батырмен кездесіп, әңгімелескен. 

Ол туралы тарихшы баурымыз Әбдіуақап Қара былай деп әңгімелейді: «Чикаго Дейли Нюстің» тілшісі Доак Барнетт Оспан батырды тауып алып кездескен. Ол 1947-1949 жылдар арасында Қытайда көріп-білгендерін «Коммунистік төңкерістің қарсаңындағы Қытай» атты кітабында әңгімелейді. Барнетт Тянь-Шань тауындағы бекіністе Оспан батырмен кездескенін айта келіп, оның аса тартымды көрнекті тұлға екенін, адам айтса сенгісіз үлкен ерліктер істегенін көрсетеді». Сол Барнетт Оспан батырдың сырт келбетін:«Зор денелі үлкен адам, үлкен саусақтары және өте күшті эгосы бар. 49 жаста бірақ аса зор энергиясы бар. Салқын шегір көзі, қалың ерні, сондай-ақ қара сақалы дастандардағы батырлар сияқты көрінді. Және ол маған ғасырлар бұрын Еуразия құрылығында үрей туғызған ғұн жауынгерлерін еске салды», - деп суреттесе, «Іле көтерілісі: Шынжаңдағы қытай әкімшілігіне қарсы мұсылмандық қарсылық 1944-1949» деген кітап жазған Линда Бенсын атты автор: «Оспан батыр – қазақтың алтын аңызы», - деп бағалайды.

Сөйткен Оспан батырды кейінгі отандық тарихшылар арасынан «Білімсіз, не үшін соғысып жүргенін өзі түсінбеген ақылсыз адам» деп айыптаушылар да табылды. Шетелдің жазушылары жоғары бағалаған батырдың, жан-жақтан, тіпті Кеңес Одағындағы жағдайдан да хабардар болғаны айқын еді. Өйткені, 1940 жылы күзде өткен Шың Шысай әскерімен соғыста Ышқынты шайқасында қазақ әскері орыстың генералы Разборовты өлтіреді. Сонда орыстар генералдарының сүйегін сұрағанда ел басшысы Ырысхан: “Сендер 1937 жылы Мәскеуге апарып өлтірген Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның басын әкеліп беріңдер. Сонда біз де генералдарыңның сүйегін қайтарамыз”, - деп жауап берген екен. Алтай қазақтарының соғыс өтінде жүріп, арттағы қазақтың қамын ойлағандығын айтсаңызшы!

"Ұлы дала елі" парақшасынан

1 Пікір Кіру