Пентагон Таяу Шығысқа қосымша әскер жіберу мәселесін қарастырып жатыр - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

АҚШ Армиясының министрі: Иран – өте лайықты қарсылас. Олардың америкалықтарға соққы беру мүмкіндігі бар

АҚШ Қорғаныс министрлігі Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіске байланысты АҚШ-тың қосымша әскерін, оның ішінде зымыранға қарсы қорғаныс қондырғыларын Таяу Шығысқа орналастыру туралы шешім қабылдауда. Бұл туралы АҚШ-тың Армия министрі Райан Маккарти мәлімдеді.

 - Біз Таяу Шығыстағы аймаққа ауысуы мүмкін қосымша әлеуетті қарастырып жатырмыз. Сайып келгенде, сол жерге көп күш жіберу туралы шешімге Қорғаныс министрі Марк Эспер қол қойған соң немесе қоймаған соң белгілі болады, - деп МакКарти АҚШ-тың қарулы күштері Иранның генерал-майоры Касем Сулейманиді өлтіргеннен кейін АҚШ пен Иран қатынастарының күрт шиеленіскендігін түсіндіріп өтті.

 Маккартидің айтуынша, «әңгіме ракетаға қарсы қорғанысқа жауап беретін және басқа да түрлі қосалқы бөлімшелер туралы болуы мүмкін».

- Біз мұны зерттеп жатырмыз, - деді министр.



0 Пікір Кіру