Путин ядролық державаларды жаһандық соғыстың алғышарттарын жоюға шақырды - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Ресей президентінің үндеуі

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесң болып отырған бес ядролық мемлекет жаһандық соғыстың алғышарттарының қатерін жою жөніндегі жұмысқа кірісуі тиіс. 

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиналыстың алдында сөйлеген жолдауында мәлімдеді.

Ресей президенті атап өткендей, әлемде болып жатқан оқиғалар болжауға келмейді және шектен шығып барады, сол себепті тұрақты әлемдік тәртіптің негіздері мен қағидаттары, адамзат алдында тұрған өткір мәселелерді ашық талқылануы керек. 

Президенттің айтуынша, саяси ерік-жігер, даналық пен батылдық көрсету қажет.

- Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін қалаушы елдер үлгі беруге тиіс. Дәл осы бес ядролық мемлекеттің адамзат алдындағы жауапкершілігі көп. Бес ұлт ең алдымен жаһандық соғыс үшін алғышарттарды жою жөніндегі шаралардан бастау керек, — деді ол.

0 Пікір Кіру