Ресми мәлімдеме: Ресей үкіметі таратылады - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Сайлау қарсаңына қамдану

Мәскеу уәзірі Дмитрий Медведев Ресей үкіметінің отставкаға кеткенін хабарлады. 

Кремль сарайындағы жаңа өзгеріс туралы премьер-министр Медведев министрлер кабинеті мен президент Владимир Путин қатысқан жиында хабарлады. Путин сөз алғанда жаңа үкімет жасақталғанша бұрынғы министрлер босаңсымауын тапсырды.

Сондай-ақ ол Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына Медведевті ұсынды. «Дмитрий Анатольевич әрдайым қауіпсіздік мәселесімен айналысып келеді» деген президент көпжылдық серігін бұл орынға бірде-бір лайық кадр деп санайтынын жеткізді.

ВВС қызметінің дерегіне сенсек, министрлер кабинеті отставкаға кету жоспарлары туралы хабарсыз болған көрінеді. Путин бүгін Федералды жиналыста Конституцияға президент пен биліктің басқа институттары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлісу туралы жолдау жасады. Үкіметтің тарайтыны жайлы осы кезде айтылды.        

Үкіметтің қазіргі құрамы 2018 жылдың мамыр айында құрылған. Ал Медведев үкіметті 2012 жылдан бері басқарып келеді.

Әдетте министрлер кабинеті президенттің инаугурациясына байланысты отставкаға кетеді. Медведев соңғы рет 2018 жылы мамырда осылай еткен еді. Сонымен қоса мемлекет басшылары министрлер кабинетін өз бастамасымен таратып жіберетін жосық бар. Бұл бес рет болды: Борис Ельцин Виктор Черномырдин, Сергей Кириенко, Евгений Примаков пен Сергей Степашиннің, ал Владимир Путин Михаил Касьянов үкіметін таратып жіберген.

Тек 2007 жылы 12 қыркүйекте ғана Михаил Фрадков бастаған үкімет өз еркімен отставкаға кеткен.
0 Пікір Кіру