Назарбаев: Nur Otan партиясы халықпен бірге болуы тиіс - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Халықтық партия

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллинмен кездесіп, парламент пен партияның байланысы жайлы мәселе талқылады. Мұны Elbasy-ның ресми сайты хабарлады. 

Сөз барысында Елбасы партия депутаттары халықтың сұрауына жауап беріп, мәселесіне көңіл бөлуі қажет екенін алға тартты.  

- Халыққа қарап, соларды толғандырған мәселелермен айналысуы қажет. Бұл – партияның, одан кейін депутаттардың міндеті, барлығымыздың борышымыз, - деді Елбасы.

Одан бөлек, бұрынғы мемлекет басшысы елдің экономикасын жақсартуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қоян-қолтық кірісу қажеттігін атап өтті.

- Қазір алдымызда жаңа экономикалық өсімге қол жеткізу міндеті тұр. Оны шешу үшін Парламент пен партия бірлесіп ойлануы қажет, - деді Елбасы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің рөлін өсіру мәселесіне де тоқтала кетті.

- Парламент үкіметті жасақтауда маңызды рөлге ие болуы тиіс. Бірігіп заң, бағдарлама қабылдап, халықтың алдында жауап беруі керек, - деді Қазақстанның бірінші президенті.

0 Пікір Кіру