Әуе апаты: Иран Президенті кешірім сұрады   - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Хасан Рухани кешірім сұрады

Тегеран украиналық ұшақты абайсызда атып түсіргенін бірден мойындамағаны үшін кешірім сұрап отыр. 

Сондай-ақ Иран Президенті Хасан Рухани елдің қарулы күштерінен апат жайында тағы да толық ақпарат беруін сұрады. Оның сөзін елдегі мемлекеттік арналар тікелей эфирден көрсеткен. 

«Мен ұшақты құлатқанымызды кешіктіріп мойындағанымыз үшін кешірім сұраймын. Сонымен қатар Бас штаб пен ел әскерилерінен тергеу туралы ақпаратты халыққа жеткізулерін сұраймын», – деді Рухани. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда Иран Ирактағы америкалық базаларға шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Иран жерінде украиналық ұшақ апатқа ұшырап, оның бортында болған 176 адамның бәрі де қаза тапқан еді. Оның 167-сі жолаушы, қалғаны 9-ы экипаж мүшелері. Ұшақ Тегерандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайынан әуеге көтеріліп, қала жанындағы Паранд және Шахриар елдімекендерінің арасына құлаған. Бастапқыда ресми Тегеран ұшақты біз атпадық деп ат тонын ала қашқанымен, кейін әуе кемесін өздері абайсызда шабуылдағанын мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

inbusiness.kz


0 Пікір Кіру