Тоқаев: Қоғам өкілдерінде еркін пікір айту мүмкіндігі болуы тиіс - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Құлақ асатын мемлекет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу кезінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жайлы тағы да сөз қозғады. 

Президенттің айтуынша, аталмыш тұжырымдама үш қағидадан тұрады.

- Біріншісі – ашықтық және жариялылық. Соның аясында мемлекеттік органдардағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет, - дейді Тоқаев.

Екіншіден «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның нормалары сапалы орындалуы керек. Шешім қабылдау кезінде барлық талаптар сақталуы тиіс. Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады.

Үшіншіден, сыбайлас жемқорлыққа барынша қарсы тұру – негізгі мақсаттың бірі.

- Қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болуы қажет, - дейді мемлекет басшысы.


0 Пікір Кіру