Тоқаев: Басшылар ауыса бергенді доғарсын - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Халыққа қызмет етуі керек

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекеттік аппараттың ішінде басшылар 500 рет ауысқанын мәлімдеді.

- Басшылардың ауыса беруінен мамандар да қызметтен кетіп жатыр. Бұл мемлекеттік органдардың жұмысына зиян тигері сөзсіз. Мемлекеттік органдар үшін институттық жады алғашқы орында тұруы тиіс. Бірақ басшылары үнемі ауысумен ғана айналысатын мемлекеттік органдардағы тұрақтылық жайлы қалай сөз етуге болады? Бір жыл жұмыс істеген басшылар қызмет ауыстыруға дайын тұрады жоғарыға қол жайып, - дейді Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу кезінде.

Президенттің ойынша, басшылар қызметіне де, халқына да адал болуы тиіс.

- Мемлекеттік қызметкер – халық үшін қызмет ететін, халық арасында жұмыс істейтін жандар. Мұны қайталаудан жалыққан емеспін. Шешендік үшін айтып отырғаным жоқ. Жүзеге асыру үшін айтып отырмын. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына халықтың өзі баға беруі тиіс. Ол үшін не істеу керек? Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғамның рөлін арттыру бойынша реформа бастаған болатынбыз. Соны міндетті түрде жалғастыратын боламыз, - мемлекет басшысы.

Tengrinews.kz

0 Пікір Кіру