Қазақстан президентіне бейбіт күнде әскер пайдалануға құқық берілуі мүмкін - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Бейбіт күнде мемлекеттік органдардың әскери дайындығын күшейту

Мәжіліс депутаттары 15 қаңтар күні пленарлы отырыста әскери жағдай мәселелерін қарастырған бірнеше заң өзгерістерін талқылады.

- Президентке бейбіт күнде әскер қолдануға құқық беретін қосымша өкілет беру ұсынылып отыр, - деп таныстырды заң өзгерістерін депутаттарға қорғаныс министрінің орынбасары Марат Бектанов.

Аталмыш заңға әскери жағдай жайлы келесідей баптар енгізуді көздеп отыр: «Қазақстан президенті бейбіт күнде әскери жағдай енгізудің тәртібін өзі анықтайды, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшының ордасын, облыстың, республикалық мәні бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңесін, әскери жағдай орнағанда Қазақстан үкіметінің іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайын өзі бекітеді».

Сондай-ақ, қорғаныс жоспарлау құжаттарының жиынтығын және оларды әзірлеу жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыретін қарастыратын қорғаныс жоспарлау ережелерін бекіту арқылы да президенттің өкілеттілігін толықтыру ұсынылып отыр.  

Forbes.kz

0 Пікір Кіру