Жасарал Қуанышалин: Бұл біздің халқымыз бен әлем қауымдастығын алдау ғана - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

– Тоқаевтың күзде жасаған жолдауындағы «халық үніне құлақ түретін билік» идеясы іске аса ма? Қазіргі президенттің қолын байлап отырған немесе өз деңгейінде лидерлік образын аша алмауының негізгі себептері немесе кедергі неде? Бастысы, оларды қалай шешуге болады?

–  Меніңше, бүгінгі таңда мұның жауабы бір мәселеге байлаулы тұр. Атап айтқанда, ол  мәселе мынаған саяды: президент қызметінен тек «кеткен» түр көрсетіп, ал іс жүзінде өзінің бүкіл диктаторлық билігін бұрынғысынша сақтап қалған. Сондықтан қазіргі қуыршақ «президенттің» де, қуыршақ «үкіметтің» де, қуыршақ «парламенттің» де үстінен қарап, оларды «өзім би, өзім қожа» тәсілімен басқарып отырған «кітапхана» – Назарбаев биліктен шын кетпейінше, «халық үнін еститін билік» те, «өз бетімен ешкімге тәуелсіз жұмыс істеуге қабілетті президент» те (мейлі, ол Тоқаев болсын, басқа болсын – кейіпкер) «бар» сияқты түр көрсетіп, біздің халқымызды және халықаралық қауымдастықты алдауға арналған арзан спектакль ойнағаны болмаса, мұның бірде бірі принципінде жүзеге асуы мүмкін емес.

Енді не істеу керек?

– Демек, ел өмірінде мұндай және одан да басқа толып жатқан қоғамдық-саяси, институционалдық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани, психологиялық-саналық күрделі өзгерістер тәжірибе жүзінде орын алуы үшін ең алдымен, қарапайым логика бойынша, 30 жылдық диктатор Назарбаев пен ол осы жылдар ішінде тек өзінің «сүйікті» қара басы, отбасы мен ұры-қары айналасы үшін ғана құрып алған бір адамның халыққа қарсы жеке билік режимі тарих аренасынан енді қайтып оралмайтындай болып түбегейлі кетуге тиіс.

– Қазіргі Ақорданың «жылымық» сипаттағы позициясы ақырындап либеррализмге келе жатқандығының «көрінісі» деуге келе ме?

– Қазақстанның қазіргі жағдайында басқа өзгерістердің барлығына мұрындық болатын ондай шешімді, басты өзгеріске тек халықтың жаппай көшеге, бейбіт шерулерге шығып, аталмыш өзгерісті үзілді-кесілді талап етуі арқылы ғана қол жеткізуге болады. 

Одан өзге жол жоқ... 

0 Пікір Кіру