Bek Air басшысы апат туралы: екінші ұшқыш қателік жасады (видео) - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ұшақты тежеп, қателік жасады

Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы түбіндегі апат кезінде екінші ұшқыш қателік жасады деп есептейді. Бұл туралы ол 31 арнаға берген сұхбатында айтқан.

- Ұшқан соң ұшақ жан-жаққа шайқала бастады. Командир: "Не болды?" деп сұрады. Ал екінші пилот: "Стабилизатор, тежеу керек" деп жауап берді. Ұшақ мұндай жылдамдықпен келе жатқанда тежеу немесе ұшу туралы шешім қабылдамайтын кез екенін мойындаймын. Екінші ұшқыш қозғалтқыштың жұмысын бәсеңдеткен кезде қателік жасады деп ойлаймын, - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін ұшқыштар сөзінің жазбасына сүйеніп, премьер-министр орынбасары Роман Скляр апаттың негізгі себебін атаған болатын. Оның айтуынша, ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы – негізгі себеп.

Мемлекетаралық авиациялық комитет ұшақтың өздігінен жазатын құралындағы жазбаларды оқыды. Барлық ақпарат тергеу комиссиясына берілді. Ақпараттың алдын ала сараптамасы оқиғаның хронологиясы мен апаттың негізгі себебін анықтауға жағдай жасайтыны туралы айтылды.

Sputnik Қазақстан

0 Пікір Кіру