Пәкістанның экс-президенті өлім жазасынан құтылып кетті - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Лахор жоғары соты Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафтың ісін қарау үшін құрылған арнайы трибуналды заңсыз деп тапты

Пәкістан соты 13 қаңтарда елдің экс-президенті Первез Мушаррафқа берілген өлім жазасын алып тастады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды.

Лахора жоғарғы соты Мушаррафтың үстінен сот үшін құрылған арнайы трибуналды заңсыз деп қаулы етті. Прокурор Иштьяк Хан бұл қаулы экс-президент үшін өлім жазасын алып тастайтындығын атап өтті.

Мушарраф 1999 жылы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билікке келген еді, ол 2001 жылдың маусымынан 2008 жылдың тамызына дейін Президент болды.

Экс-президент «2007 жылы 3 қарашада Пәкістан Конституциясының қолданылуын тоқтата тұрып, төтенше жағдай енгізгені үшін», 2013 жылдың желтоқсан айында қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол сонымен қатар Жоғарғы сот судьяларын тұтқындап, өз әрекеттерін экстремисттік қауіп деп түсіндірді.

Кейіннен президенттің бұл шешімі – «мемлекетке опасыздық жасады» деген іске негіз болды. 2014 жылдың 31 наурызында экс-президентке айып тағылды.

2019 жылы 17 желтоқсанда Пәкістанның арнайы соты Мушаррафты «Мемлекетке опасыздық» ісі бойынша өлім жазасына кескен болатын.


0 Пікір Кіру