Рухани: Кінәлілерді соттаймыз - на politic.bugin.kz
Әйгерім - на politic.bugin.kz Әйгерім

Иран президентінің уәдесі

Украиналық ұшақты атып түсірген ирандық әскерилерді соттайтын болды. Бұл туралы Иранның президенті Хасан Рухани мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Ол украиналық әріптесі Владимир Зеленскийге қоңырау шалып, оқиғаға кінәлілер жазаланатынына уәде беріп, "сот органдары осы бағытта жақын арада жұмыс істей бастайды", деп айтты.

Өз кезегінде, Зеленский Руханимен әңгіме барысында, "кінәлілердің ешқайсысы жазадан құтылмайтынына" өзара келіскенін мәлімдеді.

0 Пікір Кіру