Оман елінің жаңа сұлтаны тағайындалды - на politic.bugin.kz
Алашұлы - на politic.bugin.kz Алашұлы

Мирас және мәдениет министрі

Оман елінің 2002 жылдан бері мирас және мәдениет министрі лауазымын иеленіп келген 66 жасар Хейсам бен Тарик Аль Саид елдің жаңа сұлтаны болды. Ел сұлтаны болу рәсімі сенбі күні таңертең өтті деп хабарлайды Оман мемлекеттік телемедиасы.

Оған дейін елді жарты ғасырдай Кабуса бен Саида Әл Саида билеген еді. Оман мемлекеттік телемедиасының мәлімдемесі бойынша жұма күні кешке мирасқоры жоқ ел сұлтаны өзін жайсыз сезініп, ұзақ уақыт мазалаған аурудан көз жұмды. Елдің қорғаныс кеңесі сол күні сұлтан туыстарын жинап, конституция бойынша келесі сұлтанды тағайындауды ұсынған.

Жаңадан тағайындалған сұлтан көз жұмған ел билеушісінің немере інісі екен. 

0 Пікір Кіру