«Халыққа мойын бұрғысы келмейтін билікке» қарсы отбасының наразылығы - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Баспана жыры

Астана әкімдігінің алдына 9 қаңтар сағат 11:00 шамасында астаналық суретші Асхат Ахмедияров арқасына шенеунік үлгісіндегі костьюмнің оң жағын киіп, елорда мәслихат ығимаратының алдына келген. Белсендінің перформансы әлеуметтік желі мен интернет сайттарында таралып жатыр. 

Ол қолына «Мен ерекше елде туылдым (тудымтілші)» деген жазуы бар 14 жастағы мүгедектігі танылған Аида Әбдіжаппаровамен бірге шықты. Аида – белгілі құқық қорғаушы, адвокат Болатбек Біләлов пен Ақмарал Біләлованың қызы. Біләловтар отбасының жақын танысы «креативті қарсылық акциясын» өткізуге мәжбүр екенін айтады.

– Ирония мәніндегі акцияның идеясы – былтыр жыл басында бес сәбидің қазасынан кейін билік мәселені шешуге тырысты, бірақ мүгедектердің жағдайына келгенде өзін саудагер сияқты ұстайды. Теріс қарап тұрып сөйлеседі, халықтың мүшкіл хәліне мойын бұрғысы келмейді, – деді ол бізге.

Үш перзент, соның ішінде туғанынан бері мүгедек қыз тәрбиелеп отырған Біләловтер әлі күнге дейін баспанасыз. 13 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған қиын жағдайдағы отбасының бармаған, табалдырығын тоздырмаған мекемесі жоқ.

Акцияны ұйымдастырушы:

– Мені өнер адамы, суретші ретінде әлеуметтік құқығынан қағылған баланың жағдайы қатты алаңдатады. Аида екеуміз сал ауруымен ауыратын баласы бар әлеуметтік әлжуаз отбасы мен астана әкімдігінің диалогына қоғам назарын аударту үшін осындай протеске бардық. Халқына сыртын беріп тұрып қоғамдық диалог орнатуға тырысатын «ерекше» еліміздің билігі оң шешім шығарған күні спектакльдің соңында костьюмімді оңына қаратып, дұрыс киініп келемін, – дейді Ахмедияров.

Белсенді суретшінің сөзіне қарағанда, полиция оларды ұстамаған әрі әкім кеңесшісі «аталған санаттағы азаматтарға тұрғын үй салынатыны туралы уәдемен» шығарып салған.

0 Пікір Кіру