Экологтар дабыл қақты: Қытай тұтастай бір балықтың түрін жойып жіберді - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Табиғатқа жасалған қиянат

Адамзаттың табиғатты ластап жатқаны соншалық - экологтар бірнеше жыл іздеп, бірде-бір қытай ескектұмсықтарын таппаған. Сол себепті де оны экологтар жойылған балықтардың қатарына енгізді. 

Қытай ескектұмсықтары 2005 пен 2010 жылдар аралығында жойылып кетті деген болжам жасалуда.  

Янцзы өзенінде тіршілік еткен бұл балықтар негізінен ұсақ балықтармен, шаяндармен қоректенед3. Балықтың жойылып кетуіне өзеннің тым ластанып кетуі мен оны дамылсыз аулау әсер еткен. 

1981-2003-жылдар аралығында бар-жоғы 210 ескектұмсықтар экологтардың фотоқақпанына түссе, 2017 жылдан бастап мүлде түспеген. Ендігі таңда Қытай өнеркәсібінің қарқынды өсуі өзендердегі өзге балықтарға да қауіп төндіруде дейді сарапшылар. 

0 Пікір Кіру