Трамп: Мен тұрғанда Иран ешқашан ядролық қару қолдана алмайды - на politic.bugin.kz
Бейсенғазыұлы Төлеужан - на politic.bugin.kz Бейсенғазыұлы Төлеужан

Трамп Иранға қатысты «әскери» жағдай туралы халыққа үндеу тастады


АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қарым-қатынастың нашарлауына және Ирактағы АҚШ әскери базаларына жасалған шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды CNN.

Трамп халыққа үндеуінде Америка Құрама Штаттарының президенті болған кезде Иран ешқашан ядролық қару қолдана  алмайтынын мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, америкалықтар Иранның АҚШ әскери нысандарына жасаған шабуылдарынан зардап шеккен жоқ.

- Жеке құрамда шығын жоқ, әскери қызметшілердің бәрі аман, тек әскери базаларымызға аздап шығын келді. Ирак азаматтары арасында да құрбан болғандар жоқ, - деді ол.  

Трамптың айтуынша, Американың әскери базаларында қауіпті ескертетін жүйе бар, соның арқасында әскерилер де аман қалды.

8 қаңтарға қараған түні Иран Ирактағы АҚШ базаларына соққы жасаған болатын. Бұл шабуыл Ислам революциялық ұландар корпусының қолбасшысы Кассем Сулейманиге жасалған қастандыққа жауап ретінде жасалынған еді. 


0 Пікір Кіру