Иран Сауд Арабиясы мен Израильге де соққы жасаймыз деп қорқытты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Кек алу басталды

Бүгін Иран билігі АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына ауыр зымыран соққысын жасаған еді. Соңғы деректерге қарағанда мұнда 80 адам көз жұмған.

Генерал Касем Сулейманидің өліміне өшіккен Иран Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына соққы жасауға кірісіп кетті. Алғашқы соққыны бүгін таңертең жасаған еді. Иранның Press TV телеарнасының мәліметтеріне сүйенсек, бұдан 80 адам мерт болған.

Иран билігі егер АҚШ намысқа тырысып, қайтара соққы жасаса, онда Таяу Шығыстағы америка әскері шоғырланған аймақтардың барлығына зымыран жібереміз деп ескерткен еді.

- АҚШ-қа қолшоқпар болып, оған қолдау білдірген елдердің барлығына соққы жасауға дайынбыз. Тіпті, АҚШ-тың өзіне де зымыран жіберуге болады. Егер Иранға бомбы тасталатын болса, онда біз Израиль мен Сауд Арабиясын да бомбалаймыз, - деді Ислам резолюциясы сақшыларының корпусы.

- Израиль де сау сиырдың тезегі емес. Ол да Сулейманидің өліміне себепші болған ел, - деді ұйым.

0 Пікір Кіру