АҚШ-Иран қақтығысы: Қазақстан үшін жағымды және жағымсыз әсері - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Жанжалдың Қазақстанға әсері қандай болмақ?

2020 жыл әлем халқын алаңдатып отырған ірі әскери жанжалмен басталды. АҚШ пен Иран қақтығысы екі елді ғана емес, жаһанды да сескендіріп отыр. 

3 қаңтар күні АҚШ әскерилері Иранның сыртқы барлау және әрекет ету ету құрылымының басшысы Касем Сүлейманидің көзін құрту операциясын іске асырды. Бұл екі елдің арасындағы шиеленісті шырқау шегіне жеткізді. АҚШ және Иран әскери күштері соғыс жағдайына келтірілді. Ирак өз жеріндегі АҚШ пен халықаралық коалиция күштерінің кетуін талап етіп, Парламентте арнайы заң қабылдады. Бірнеше Еуропа елдері, атап айтсақ, Словакия, Хорватия мен Польша, Германия өз әскери күштерін өзге мемлекеттерге ауыстыратынын мәлімдеді. Ал АҚШ аталмыш заңды негізсіз деп тауып, Иракқа қатысты санкция қабылдау мәселесін алға қойып отыр. 

Картинки по запросу

Касем Сүлейманидің қасақана өлтірілуі Иран билігі мен халқын бұрын-соңды болмаған ашу мен ызаға әкеп тіреді. Әрине, бұл Иран билігі үшін тиімді жайт болуы да мүмкін. Әскери иерархияда басшылыққа жақын тұрған қолбасшының қаза табуы, билікке қарсы болған халықтың назарын сыртқы жауға аударуға негіз болды. Иран билігі Пентагонды және АҚШ әскери күштерін терроршылдар деп арнайы заң қабылдап, Сүлеймани өліміне жауап беруге уәде етті. 

Билік халық алдындағы қорғаушы және Таяу Шығыстағы мығым күш имиджін жоғалтып алмау мақсатында, 8 қаңтар күні «Шейіт кеткен Сүлеймани» атты әскери операцияны іске асырды. Операция барысында Ирактағы АҚШ-тың екі әскери базасына зымырандармен соққы жасалды. Күні кеше ғана екі ел арасындағы шиеленісті дипломатиялық жолмен шешу мүмкіндігі болса, ендігі таңда соғыстың болу қаупі арта түсті. Осы ретте «соғыс орын алса, оның Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін» деген сұрақ туындайды. 

Картинки по запросу

Қазақстан - Иранмен Каспий теңізі арқылы шекараласатын ел. Екі ел арасында экономикалық тұрғыдан келісімдер бар. Олар ауыл шаруашылық, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, қызмет көрсету, тасымалдау салаларын құрайды. Сол себепті де соғыс болған жағдайда Қазақстанға әсері тиері сөзсіз. 

Картинки по запросу

Мұнай бағасының өсуі орын алады. Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың төрттен бір бөлігі тасымалданатыны белгілі. Иран қазіргі таңда Парсы шығанағын бұғаттауға қауқары жететін күшке ие. Әскери қақтығыс салдарынан аталмыш аймақтан мұнай тасымалдау қиындап кетері сөзсіз. Бұл өз кезегінде мұнай бағасының бірнеше есе, тіпті барреліне 150-170 долларға дейін өсуіне әсер етпек. Тіпті, Сүлейманидің қазасынан кейін мұнай бағасы 3.70%-ға көтерілгені бар. 

Қазақстан экономикасының негізін мұнай құрайтынын ескерсек, онда қара алтынның нарықтағы бағасының өсуі бізге пайдалы. Дей тұра «өзгенің қайғысына бақыт тұрғыза алмайсың» деген орыс даналығын ескерсек, бұл фактор ұзақмерзімді тиімсіздікті туындатады. Тым жоғары мұнай бағасы ел экономикасын әртараптандыруды кейінге қалдыруы мүмкін. 

Картинки по запросу

Иран 2018 жылы 1,3 млн тонна бидай мен 1,1 млн тонна арпа сатып алған. Жалпы 2018 жылғы екі ел арасындағы сауда қатынасы 518 млн долларды құраған. Дегенмен Иран тарапы соңғы уақытта Қазақстандық астықты алуды азайтқан. Әскери жанжал қарқынды болса, Иранның Қазақстаннан сатып алатын өнімдеріне де Тегеран тарапынан сұраныс азаймақ. Қой еті мен сүт өнімдерін де сатып алу мәселесі күн тәртібіне қойылуы мүмкін. Алайда жоғарыда айтылған көрсеткіштерге қарамастан Қазақстанның экономикасындағы Иранның үлесі өте аз. Сол себепті де бұл жанжал біздің экономикамызға соққы болуы екіталай. 

Картинки по запросу

Саяси тұрғыдан біршама қауіп бар. Атап айтсақ, қақтығыс соғыс фазасына ауысса, онда Иран халқы босқын ретінде оңтүстік Кавказ, Тәжікстан, Түркіменстан мен Қазақстанға келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде біршама мәселелерді туындатып, жергілікті халықпен этникалық, мәдени, діни қақтығыстар,а ұласуы мүмкін. Сонымен бірге Ресейдің «Каспий аймағында содырлардың оңтүстік Кавказға кіріп кету қаупінің алдын аламыз» деген мақсатпен әскери күшін арттыруы қаупі де жоқ емес. 

0 Пікір Кіру