Дональд Трамп: Бәрі жақсы... - на politic.bugin.kz
Жанеля Ерболқызы - на politic.bugin.kz Жанеля Ерболқызы

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы әскери базаға шабуыл жасағаннан кейін, оқиғаға қатысты Twitter желісіне жазба қалдырды

Иран билігі АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына соққы жасаған болатын. Соған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазба жазып, пікір білдірді:

- Бәрі жақсы. Ираннан ракеталар Иракта орналасқан екі базаға жіберілген. Қазір зардаптары анықталып жатыр. Бәрі ойдағыдай! Бүгінгі күні біздің әскерлер - әлемдегі ең мықты және жақсы жабдықталған әскерлер! - деп жазды. 

Еске сала кетейік, Ирактың батысында  орналасқан АҚШ-тың Эйн-Аль-Асад әскери базасына ұшақ шабуылы жасалды. Жасалған шабуылға Ирандықтар өз жауапкершілігін алған. Жасалған шабуыл ирандық генерал Касем Сүлейманидің өліміне қайтарылған кек ретінде қарастырылып жатыр.  

Press Tv Ирандық телеканал мәлімдеуінше, соққы зардабынан 80 адам ажал құшқан. 

0 Пікір Кіру