Аман қалған жоқ: Иранда украин ұшағы апатқа ұшырады - на politic.bugin.kz
Жанеля Ерболқызы - на politic.bugin.kz Жанеля Ерболқызы

Жолаушының барлығы өлім құшты

Иран аумағында украина ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. 

Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жасалуда. Эксперттердің айтуынша, өртке оранған әуе ұшағындағы жолаушылардың аман қалуы екі талай. Апат орын алған жерге медициналық көмек жіберілгенімен, ұшақ бөлшектері әлі де өртеніп, олар  еш көмегін тигізе алмай отыр. 

- Қазіргі ақпараттарға сүйенсек, аман қалған жолаушыларды табуымыз қиын. Тегеранға үш жұмылдырылған топ пен 2 ұшақ жіберілді,- деді  Mash қауіпсіздік қызметінің басшысы. 

Апаттың орын алуына себеп - техникалық деп болжам жасалды. Ирандағы Украин елшілігі жолаушылар жайлы ақпараттарды анықтауға кірісіп кетті. Әзірге толық тізімі анықталмады. 

Барлық жолаушылардың жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз!  

0 Пікір Кіру