180 жолаушысы бар Украина ұшағы апатқа ұшырады - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Қайғылы оқиға Иранда орын алды

Украинаның 180 жолаушысы отырған "Боинг 737" ұшағы Иранда апатқа ұшырады. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Киевке қарай бағытталған еді.

"Тасним" Иран агенттігі апат техникалық ақаулықтарға байланысты ұшқаннан кейін көп ұзамай орын алғанын хабарлады. Әуежай басшысы апат туралы ақпаратты растағанын жазады.

Ұшақ құлаған жерге құтқарушылар жіберілді. "Ұшақ жанып жатыр, мүмкін біз біреуді құтқара аламыз", - деді Иран құтқару қызметінің басшысы Прихосейн Куливанд.

Ұшақ "Украина халықаралық әуе жолдары" әуе компаниясына тиесілі. Жолаушылар ұшақтарының қозғалысын бақылайтын Flightradar24 сайты "Боинг" жергілікті уақыт бойынша таңертең Тегераннан ұшып көтерілгенін және ол туралы соңғы ақпарат екі минуттан кейін алынғанын хабарлады.

0 Пікір Кіру