АҚШ Ресей мен Қытайды БҰҰ-ның қуіпсіздік кеңесіндегі дауыс беруде үнсіз қалғаны үшін айыптады  - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігіне жасалған шабуыл туралы

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, 31 желтоқсанда АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігіне шабуыл жасалғаннан кейін, АҚШ Ресей мен Қытайды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «дипломатиялық және консулдық нысандардың қауіпсіздігіне» қатысты Иранды айыптайтын мәлімдемесіне кедергі жасады деп жазғырды.

15 мүше мемлекеттен құралған қауіпсіздік кеңесінің мұндай мәлімдемесін жариялау үшін барлық мүше мемлекеттің бір ауыздан мақұлдауы керек болған.

АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы делегациясының айтуынша, Бағдаттағы елшілікке шабуыл жасалғаны туралы Иранды айыптайтын мәлімдемені 27 ел мақұлдаған, алайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі тұрақты мүшесі Ресей мен Қытай үнсіз қалған.


0 Пікір Кіру