Путин Меркелді Ресейге шақырады - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Таяу Шығыс дағдарысын талқыламақ

Германия канцлері Ангела Меркель 11 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путинмен жолығу үшін Мәскеуге келмек. Олар Иран қолбасшысы Касем Сүлейманидің қазасынан кейін орын алған Таяу Шығыстағы саяси дағдарысты талқыламақ. Мұны Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Меркель Кремльге Путиннің шақыруымен келмек. Кездесу барысында Сирия, Ливия және Украинадағы саяси жағдайларды талқыламақ. 

Меркельдің өкілі сапар барысында оны Германияның сыртқы істер министрі Хейко Маас ертіп жүретінін айтты.



0 Пікір Кіру