Трамптың басы 80 млн долларға бағаланды - на politic.bugin.kz
Бекзат - на politic.bugin.kz Бекзат

Трамптың басы 80 миллион долларға бағаланды

Иран жоғары басшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN-ге берген сұхбатында Тегеран парсы генералы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын және сондықтан АҚШ әскері нысандарына шабуыл жасайтынын мәлімдеді. 

- Соғысты Америка бастап отыр. Біз бастағымыз келмейді. Олар жасаған істері үшін жауап беруі тиіс. Ал ол үшін біз де Америкаға соққы жасауымыз керек. Кейін олар жаңа қақтығысты бастамауы керек, – деп келтірді оның сөзін ИноТВ. ­

Сондай-ақ Дехган Америкаға шабуыл жасалса, Иранның 52 нысанына ауыр соққы жасауға уәде берген АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзіне былай деп жауап берді:

- Генералдың өлімі біз үшін әскери қастандық. Сондықтан Иран кек алу үшін кез келген іске баруға дайын. АҚШ-қа қарсы ашық майдан бастаймыз, - деді.

Иранның №24 мемлекеттік телеарнасы парсы билігінің Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындағанын хабарлады.

Генерал Сулейманимен қоштасу рәсімінің трансляциясы кезінде жүргізушілер 80 миллион тұрғыны бар Иранның әр азаматы бір доллардан жинаса, сол қаражатты АҚШ президентін өлтіретін адамға жіберетіндерін айтты. ­

Сондай-ақ жексенбі, 5 қаңтарда Тегеран елдің "ядролық келісімнен" шыққанын мәлімдеді. ­

Естеріңізге салсақ, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған болатын, салдарынан он адам қаза тапты. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған. ­

Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берді. Ал Пентагон соққы жасауға бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі бұйрық бергенін айтып отыр. Вашингтон қаза тапқан генералдың Бағдаттағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп санайды.

­

­

0 Пікір Кіру