Қытай Гонконгты тыныштандыру үшін «қатал адамын» жіберді - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Ол жеті айға созылған тәртіпсіздікті тоқтатуға ниетті

Қытай билігі саяси партияда «қатал адам» деп танылған шенеунігін Гонконгке әкеп жоғары қызметке тағайындады. Ол жеті айға жуық әлеуметтік толқулардан кейін қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге ниетті екенін білдірді. Бұл туралы «Thestar.com» ақпараттық сайты хабарлады.

Үкімет жексенбіде Луо Хуининг Гонконгтағы байланыс офисінің директоры ретінде Ван Цзиминнің орнына келеді деп мәлімдеді, бірақ жартылай автономды қаржы орталығында болатын нақты өзгерістер туралы ашып-жарып ештеңе айтпады.

Жаңа шенеунік 2016 жылы қарашадан бері қарай Шаньси провинциялық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарып келген. Ал өткен айда ғана Бүкілқытайлық халық конгресінің қаржы комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Бұдан бұрын қытай бұқаралық ақпарат құралдары оның Шаньси аймағын жандандырып, орталық үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанын күшейткені және алақол шенеуніктердің көзін құртқаны үшін мақтаған еді.

Нотр-Дам университетінің саясаттану кафедрасының доценті Victoria Hui:

- Луо – Шаньсидегі бассыздықты тоқтатып, тұрақтылықты қалпына келтіруде тәжірибе жинақтаған адам. Бейжің экстрадицияға қарсы наразылықтар басталғаннан бері Гонконгты тыныштандыруға тырысуда. Алайда не үшін мұндай «қатал адамды» ертерек тағайындамағаны әзірге белгісіз, - деді.


0 Пікір Кіру