Иран АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасауы мүмкін - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісті

Иран АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасауы мүмкін, деп мәлімдеді республика басшысының кеңесшісі, генерал-майор Хоссейн Дехган. Бұл туралы "CNN" хабарлады.

Аталмыш телеарна хабарлағандай, Иран билігі Ислам революциясы күзеті корпусының генералы Касем Сулейманиді АҚШ өлтіргені үшін кек алғысы келеді әрі оған Иранның әскери күштері дайындалып жатыр. 

Таяу Шығыста АҚШ-тың біршама әскері орналасқан. Сауд Арабиясында мыңға жуық америка сарбазы бар болса, Иран аумағында 5 мыңға жуық штат әскері бар. Одан бөлек, АҚШ-тың Катарда әл-Удейд әуе базасы мен Иорданияда, Кувейт және Біріккен Араб Әмірлігінде де бірнеше әскери құрылымдары бар. 

Сондықтан Иранға қай әскери база шабуыл жасаймын десе де өз еркінде. 

0 Пікір Кіру