Солеймани өлтірілгеннен кейін Иран парламенті ашуға булықты - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

«Америкаға өлім» деп ұран шақырды

Иранда генерал Касим Солеманидің өліміне байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды. Сол күні кездесу кезінде ашуға булыққан парсы депутаттары парламент мінберіне шығып, «Америкаға өлім» деп айғайлады. Бұл туралы "RT.COM" ақпараттық агенттігі хабарлады.

Спикер Али Лариджанидің сөзінен кейін депутаттар орындарынан тұрып, Иранда танымал болған америка азаматтарының атын айтып, ұрандардап, жиын залының ортасына жиналды.

- Трамп мырза, бұл Иран ұлтының дауысы, - деді Лариджани.

Иран заң шығарушылары Иранның танымал тұлғаларының бірі Солеманидің қасақана өлтірілуіне қатты ашулы. Ол жұма күнгі АҚШ-тың әуе шабуылынан қаза болған еді. Оның денесі жексенбіде Ирактан әкелінді.

"АҚШ-қа өлім" деген ұран Иранда 1979 жылы болған көтеріліс кезінде пайда болған еді. Сол жолы АҚШ-тың қолдауындағы Иран патшасы Мұхаммед Реза Пахлавиді биліктен қуған еді. Тегеран сыншылары мұны америкалықтарды өлтіруге бағытталған үндеу деп санайды. Ал парсы шенеуніктері бұл үндеу Вашингтонның агрессивті және жойқын сыртқы саясатына қарсылықты білдіретінін айтты.

0 Пікір Кіру